«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЙЫРЫМДЫ ПОЛИЦЕЙЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Астана – Петропавл” тас жолы­ның 420 шақырымында “Mazda” автокөлігінің дөңгелегі жарылып, “темір тұлпарды” тізгіндеген әйел мен оның құрбысы жолда қалып қойған.

Жол жиегінде тұрған көлікті об­лыстық полиция департаменті пат­рульдік полиция батальонының қызметкерлері байқап, дереу көмекке келеді. Қызметкерлер Руслан Қас­ымов пен Ержан Оңбаевқа балалар отырған “ГАЗельді” аудан шекара­сына дейін шығарып салу тапсы­рылған болатын. Сондықтан алдымен өздеріне жүктелген міндетті орындаған тәртіп сақ­шылары дөңгелегі жарылған автокөлікке қайтып келіп, жүргізушіге оны ауыстыруға көмектескен.

“Мен полицейлерге ерекше риза болдым. Олар бізге қол ұшын созбағанда жолда қанша уақытқа дейін тұрарымыз белгісіз еді. Қайырымды тәртіп сақшыларына мықты денсаулық, табыс, бақыт тілеймін”, – деп жазды жүргізуші әйел өзінің әлеу­меттік желідегі парақшасында.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp