«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көш басында – “Qyzyljar”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футболдан ел біріншілігінің төртінші турында “Qyzyljar” клубы “Ақтөбе” командасына қарсы ойын өткізді. Сырт алаңдағы матчта жерлестеріміз кезекті үш ұпайын еншіледі.

Премьер-лиганың төртінші туры басталмас бұрын турнир кестесінде ұпай жоғалтпаған төрт команда бол­ды. “Qyzyljar” мен “Ақтөбе” клубта­ры да бұл тізімде бар еді. Жерлесте­ріміз доп айырмасы бойынша төртін­ші сатыға жайғасса, өткен жылдың вице-чемпиондары көш бастап тұрған.

Бірінші таймның алғашқы минуттарынан бастап ақтөбеліктер жақсы ойын өрнегін көрсетті. Олар­дың әрбір шабуылы қауіп төндірді десе де болады. Бірақ азулы қарсыластарының алдын орауға тырысқан солтүстіктің аяқдопшылары қар­сыластарына дес бермеуге тырыс­ты. Нәтижесінде есепті бірінші болып “Qyzyljar” футболшылары ашты. Гол авторы – Лука Имнадзе.

Ойынның екінші бөлігінде жерлес­теріміз қарсы шабуылдарға иек артып, бұл тактика 55-ші минутта жемісін берді. Бразилиялық легио­нер Жозе Витор Пернамбуконың алыстан бағыттаған добы нысанаға дәл тиді. Матчтың 73-ші минутында “Qyzyljar” қақпасына он бір метрлік айып добы белгіленіп, нүктеге келген Әлібек Қасым мүлт кетпеді. Кездесудің аяқталуына санаулы минуттар қалғанда төреші тағы бір пенальти берді. Бұл жолы “Ақтөбе” клубының ойыншысы ереже бұзды. Юрий Бушман қателескен жоқ.

Осылайша теріскейлік команда ел біріншілігінде қатарынан төртінші жеңіске қол жеткізіп, турнирлік кестеде көш бастады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp