«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өнер мектебінің өрендері республикалық сайыстан жүлдемен оралды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласындағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында өт­кен республикалық “Farabi land – 2023” байқауында Ақжар ауданы “Серпер” өнер мектебінің үш ансамблі, тоғыз жеке орындаушысы, сурет бөлімінің бес оқушысы және 10 жетекші-мұғалімі қатысып, жүлде­мен оралды. Еліміздің барлық өңірінен 1500 ұжым қатысқан байқауда өнерпаздар жеке орындаушы, ор­кестр, ансамбль және бейнелеу өне­рі аталымдары бойынша өзара бақ сынасты.

Бұл байқауда Қызылжар өңірінің талантты оқушылары оза шапты. Бей­нелеу өнері аталымы бойынша Ленинград ауылынан Жамбыл Темірлан 3 орын алса, Талшық ауылынан Айлана Кенжеболат сурет және сәнді-қолданбалы өнер аталымы бойынша 3 және 2 орынды еншіледі.

Ал аспаптық өнер аталымында жеке орындаушылар арасында Жа­зира Талғатова бас жүлдені жеңіп алса, Әнуар Байназар мен Шахмұ­рат Әйткен – бірінші, Аяжан Қаб­дырразақ екінші орынды иеленді. Фор­тепиа­ноны серік еткен Сәния Қабдыраза­қова, Арман Айдапкелов, Рахман Мұхтар, Мансұр Екпешұлы жүлдегер атанды.

Ансамбльдер арасында “Жігер” халықтық домбырашылар ансамблі бас жүлдеге лайық деп танылды.

Айгерім ҚАЙЫРБАЙҚЫЗЫ,

“Серпер” өнер мектебінің мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp