«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өмірге ғашық жандар

Диас Аяған

 esla9015@gmail.com

Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғап, оларға жайлы жағ­дай жасауда қоғам­дық ұйымдар мен бірлестіктердің алар орны ерекше. Мүгедектердің өміріне бей­жай қара­майтын мейірімді жандардың бастамасымен ашылған осындай бірнеше бірлестік бар. Биыл солардың бірі – “Ардос-Жүрек мүгедек­тер бірлестігі” ұйымының құрылғанына 10 жыл то­лып отыр.

“Ардос-Жүректің” алғашқы ме­рей­тойына орай облыс орталығында салтанатты шара өтті. Шараға қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бірлестік мү­шелері қатысты.

– Мен оқушы кезімнен мүгедектер үшін шексіз мүмкіндіктер әлемін аш­сам деп армандадым. Университетте оқи жүріп, мүгедектер құқығы туралы халықаралық заңдарды зерделедім. Одан әрі жеке ұйым ашуға тырыстым. Алғаш грант иеленгендегі қуанышымыз әлі есімде. Содан бергі 10 жылда 30 жобаны жүзеге асырып, жүздеген іс-шара өткізіппіз. Ұйымымызға қолдау көрсетіп мерекелік кешке бізді құттықтап келіп жатқандарға алғысымды білдіремін, – деді ұйым төрағасы Ақ­жан Кәрім.

Жиын барысында ән айтылып, би биленіп, өлең оқылды. Сонымен қа­тар балалар психологы Ғалия Баязитова, “Amanat” партиясы “Болашақ” филиалы­ның жетекшісі Александр Зель, Петропавл қалалық мәслихаты­ның депутаты Сәлімхан Сәбитов аталған ұйым өкілдеріне игі тілектерін жаудырды. 10 жыл ішінде бірлестіктің дамуына үлес қосқан жан­дар Алғыс хаттармен марапатталды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp