«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еңбектің еңсесі тіктелсе екен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын ауданындағы Еңбек ауылы – тарихы терең елді мекендердің бірі. Облыс және аудан орталықтарынан шалғайда орналасқан демесең, сұлу табиғаты адамды баурайтын бұл жерде Молдахмет Тырбиев, Кәкімбек Салықов, Сәлім Құрманғожин, Амандық Төлешов сияқты қазақтың біртуар ұлдары дүниеге келген.

Осындай ардақтылардың ата-қонысы болған ауылымыздың бү­гін­гі жағдайы көңілге мұң ұялатады. Жылдан-жылға түтін саны азайып, ауыл жабылып қала ма деген қауіп зор. Қазір қарашаңырақты қимай отырған жиырма шақты от­басы қалды. Сол жиырма шаңырақ ауылдың тіршілігін жандандырып, тұрмысын жақсартуға тырысып-ақ бағуда. Биыл төрт жылдық мек­тебіміз жабылып қалуы мүмкін. Оқи­тын бала жоқ. Бұл мәселе көптеген елді мекендер үшін өзекті екендігі белгілі. Десек те көшеде бала шу­лап, түн тыныштығын ұрлайтын жас­тардың болғаны да бір бақыт екен.

Айтқанымдай, ауылдың шал­ғай­лығы, алысты жақындатар жол­дардың нашарлығы еңбектіктерді діңкелетті. Бір кездері қыста да, жауынды-шашынды көктем мен күзде де ауылдан шыға алмай қалатын­быз. Тұрғындар мен сыртта жүрген ауыл­дастарымыз жол мәселесін өз күшімен шешпек болып, шот ашып, ақ­ша да жинады. Әрине, жол салу – қарапайым тұрғындардың қалтасы көтермейтін шаруа. Алайда талай жылдан бері жөндеу көрмей, шұ­рық-тесік болған жолдан қажыған тұр­ғындардың басқа амалы қалма­ған еді. Осы жолдың кесірінен ауыл­дың іргесі сөгілгені анық.

Жергілікті билік біздің осы мә­селеге қатысты жанайқайы­мызды естіп, жолымызды жөндеп берді. Қазір тұрғындарда баяғыдай түтіні түзу шыққан елге айналамыз ба деген сенім пайда болды. Енді ауылішілік жол­дар жөнделсе екен деген тілегіміз бар. Ауылға кіргенде жарқырап жол жатса, жолаушылай келген адам­ның да көңілі көтеріледі ғой.

Біздің ауыл мал ұстап, кәсіп ете­мін деген адамға өте қолайлы. Еңбектіктер мал өсіріп, напақасын тауып отыр. Сондықтан өрісімді кеңейтемін дейтіндер бол­са, оларға біздің ауылға көшіп келіңіздер дегіміз келеді. Елге сіңісіп кетуле­ріне өзіміз қолға­быс етеміз. Оңтүстіктен келіп жат­қан отандаста­ры­мыз, біздің ауылға қарай көш тү­зесе, бұл жердің құтты мекеніне ай­на­ларына сенімдімін. Әсіресе бала­лары бар жас отбасылар келсе, мек­те­біміз де жабылмай, ауыл тіршілігі­не жан бітер еді. Он­сыз да ауыл тұр­ғындары мереке күн­дері бір үйдің балаларындай көңіл көтеріп, ын­тымақта өмір сүруге дағ­дыланған. Ондай мерекелік басқо­сулардан шалғайда жүрген ауыл­дас­тарымыз да қалыс қалмайды. Осындай ауызбіршілікте өмір сүріп жатқан Еңбектің еңсесі тіктелсе екен.

Нұрлыбек ШАМҒАНОВ,

Еңбек ауылының тұрғыны.

Шал ақын ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp