«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа көпір салынбақ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының Ойқала шағынауданындағы көпірдің жайы сын көтермейді. Жолдың екі шетін қар суы шайып кеткен­дік­тен, “темір тұлпарға” зақым келтірмей өтудің жалғыз жолы – қарсы бетте көлік жоқ екеніне көз жеткізген соң ғана жолдың ортасымен қозғалу.

Осыдан алты жыл бұрын көк­темде су шайып кет­кен бұл көпірді қалпына келтіруге 125 миллион теңге қаржы бөлініп, бетон тақталар жаңартылып, ас­фальт тө­селген бо­латын. Былтыр ой-шұқырлар жа­мап-жасқалғаны болмаса, күрделі жөндеу жасалма­ған. Соңғы жылда­ры әлеуметтік желіде көпір­дің жағ­дайын жазып, наразылық білдірген тұрғындардың да қатары артты. Жер­гілікті билік Есіл өзені арқылы өтетін жаңа көпір са­луды көздеп отырғанын жеткізді. Жоспар бо­йын­ша жаңа көпірдің ұзындығы – 345, ал ені 31 метр, яғни төрт жолақ­ты болмақ.

– 21,5 миллард теңгенің жоба­лық-сметалық құжаттары әзірлен­ген. Былтыр үш мәрте конкурс өтті. Алайда мердігер анықталмады. Ал биыл құрылыс материалдары­ның екі-үш есеге дейін қымбаттауына байланысты, ол енді қайта есеп­теледі, – деді “Қазавтожол” ҰҚ” АҚ облыстық филиалы басшысының орынбасары Қанат Өсербаев.

Ал ескі көпір бұзылмайды. Ол жаяу жүргіншілер жүретін жолға ай­налмақ.

Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp