«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жылдам әрі сапалы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі уақытта үш мемлекеттік қызмет түрін оңайлатылған және жеделдетілген жолмен портал арқылы көрсету мүмкіндігі бар. Мәселен, “Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру” мемлекеттік қызметі толықтай автоматтандырылған. Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау және нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады. Бұл азаматтарға анықтаманы үйден шықпай, 10 минуттың ішінде алуға мүмкіндік беруде.

Қызметтерді оңтайландыру ая­сында азаматтарға оны ұялы байланыстың абоненттік қондырғылары, яғни порталдың ұялы телефонға арналған қосымшасы арқылы алу мүмкіндігі ұсынылған.

Азаматтар үшін тағы да бір ың­ғайлылық – мемлекеттік корпора­цияның филиалдарының мекенжа­йын таңдай отырып шетелге шығу үшін анықтамаға сұрауды элек­трон­ды түрде беру мүмкіндігі. Бұрын сұ­рау тек қағаз жүзінде жолданатын.

Порталда “Анықтаманы үшінші тұлғамен алу сервисі” көмегіне жү­гінген адам егер келісімі болған жағ­дайда, басқа адамға қатысты элек­трондық сұрау жолдай алады. Элек­трондық анықтама алу үшін мемле­кеттік корпорацияның фронт-кең­сесіне бару­дың қажеті жоқ. Анықтама­ны “EgovKzBot”-ты қосып, “Teleg­ram” мессенджерінің көмегімен де алуға болады. Ол үшін азамат­тар­дың мобильді базасына тіркелу қажет.

Соттылықтың болуы не бол­мауы туралы анықтаманы апос­тиль­мен беру бізге оны азаматтарға “бір өтініш” қағидаты бойынша компо­зит­ті беруге мүмкіндік берді. Бұл үшін композитті қызмет алуға өті­нішті электронды түрде беру, “элек­трондық үкіметтің” төлем шлюзі­нің көмегімен онлайн режімде баж салығын төлеу, қағаз жүзінде нәти­жені алу үшін порталда мемлекеттік корпорацияның филиалдарының мекенжайын таңдау мүмкіндігі жүзеге асырылған.

Құқықтық статистика және ар­найы есепке алу жөніндегі комитет және оның аумақтық басқар­ма­ларының архивтері шегінде “архив­тік анықтамалар және архивтік құ­жаттардың көшірмесін беру” мемле­кеттік қызметі жеке, сондай-ақ заң­ды тұлғаларға электронды (жарты­лай автоматтандырылған) немесе қағаз жүзінде көрсетіледі.

Архивтік анықтамаға қол жеткізу үшін қызмет алушы портал және мем­­лекеттік корпорация арқылы туыстығын растайтын құ­жат­тардың көшірмесін қоса сала оты­рып, өтініш береді, қажет болған жағдайда оны апостильмен бірге композитті түрде ала алады.

Қолданыстағы еңбек заңна­ма­сында сыбайлас жемқорлық қылмы­сын жасаған адамдар үшін белгілі бір шектеулер қарастырылған. Ква­зимемлекеттік сектор ұйымына жұ­мысқа орналасу кезінде үміткер жем­қорлық қылмысы туралы мәлі­мет­тердің бар не жоқ екені туралы анықтама ұсынуға міндетті.

Мемлекеттік қызметтердің қа­былдануы және ұсынылуы www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы арқылы жүзеге асыры­лады. Қызметтің орындалу мерзімі 10 минут, қосымша анықтамалық тек­серіс жағдайында 5 жұмыс күнін құрайды. Сондай-ақ қызмет­керлер­ге қатысты мәліметтерді алу үшін олардың келісімі болған жағ­дайда “жеке кабинет” және (немесе) SMS-растау арқылы жұмыс беруші­лерге қолжетімді. Осындай қызметті мо­бильді азаматтар базасында тір­келген жағдайда ғана алуға болады.

Мобильді азаматтар базасында тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорацияның кез келген фронт-офисіне жүгіну ар­қылы “электрондық үкімет” веб-пор­талының “Жеке кабинетіндегі” “те­ле­фон” бағанында телефон нөмірін көрсету немесе оны жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) байланыс­тыру қажет.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp