«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒАЛАЛЫ ӨЗЕНІ ТАСУЫ МҮМКІН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бастығы Рамиль Камалов Тимирязев ауданында болып, Шағалалы өзеніндегі жағдайды бағамдады. Мониторинг барысында су қоймасының жұмыс кестесі, техникалық жағдайы тексеріліп, алдағы уақытта өзенге құйылатын су көлемі болжанды.

Құтқарушылардың сөзінше, егер өзен суының деңгейі кө­тері­ліп, жергілікті тұрғындардың үй­лерін су басу қаупі төнген жағ­дайда мұнда арнайы техника кө­мекке келеді. Сондай-ақ облыс­тың бас құтқарушысы Тимирязев ау­даны әкімінің орынбасары Евге­ний Худяковпен бірге төтенше жағдай орын алуы ықтимал Дмит­риевка, Степное, Мичурино, Ақ­суат, Дзержинское ауылдарын аралап, жергілікті тұрғындармен тілдесті.

Рамиль Камалов Степное және Ақсуат ауылдарындағы тұр­ғызылған қорғаныс қамалдары­ның жай-күйін көріп, елді мекен­дер­ге апарар грейдерді көтеру жұмыстарын назардан тыс қалдырмады. Мұндай құрылыстар да­лада еріген қар суының ауыл­дарға кіру қаупін сейілтеді. Сон­дай-ақ ол Дмитриевкадағы су арықтарын тазарту үшін қолданы­латын техниканың жұмысын ба­қылады. Бүгінгі күні Степноеда кә­різ желілері толыққанды тазар­тылған. Бұл өз кезегінде еріген қар суының кедергісіз өтуіне септігін тигізетіні анық.

Департамент бастығы респуб­ликалық, облыстық және аудан­дық маңызы бар жолдарда су өт­кізу арналарының қоқыстан та­зартылғанына көз жеткізді.

– Күн күрт жылынып кетті. Ауа райын болжайтын мамандар ал­дағы күндердің де шуақты болаты­нын айтуда. Бұл өңірдегі бірқатар елді мекенді су басуы мүмкін деген болжамымызды растай түседі. Тұрғындар зардап шекпеуі үшін қажетті жұмыстардың бар­лығы атқарылуда. Техникалар да сақадай-сай тұр, – дейді Рамиль Камалов.

Сәкен АҒЗАМОВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бөлім бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp