Жұқпалы аурулармен күрес

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­ті­нде өткен кезекті баспасөз мәс­лиха­тында ветеринария қызметінің был­тырғы жұмысы қорытынды­ланып, осы жылы атқарылар іс-шаралар жос­пары айтылды. Облыстық ау­мақ­тық инспекция басшысының орын­басары Оразбек Батырбеков өткен жылғы жоспар толық орын­дал­­ғанын атап өтті.

Жан-жануарлардың саулығына адамның амандығы тәуелді. Осы рет­те былтыр жануарлар мен құс­тар­дың оннан аса қауіпті ауруына және 3 энзо­отиялық дертке қарсы про­фи­­лак­тикалық вакцина егілген.

–Төрт ауруға диагностикалық, екі ауруға аллергиялық зерттеу жүр­гі­зілді. Осылайша қолда бар мал ба­сының барлығына профилактикалық вакцина егіліп, зерттелді, – деді Оразбек Батырбеков.

Былтыр зертханалық зерттеу­лер кезінде алты ауданның 27 елді ме­кенінде бруцеллез ауруын жұқ­тыр­­ған 206 ірі қара мал анықталған. Көр­сеткішті өткен жылмен салыс­тыр­­ған­да 254 басқа аз. Ауру жұқтыр­ған ірі қара үшін мал иелеріне 36,3 млн. тең­ге өтемақы төленді. Ветери­на­рия­лық бақылау және қадағалау коми­те­тінің деректеріне сүйенсек, ірі қа­раның бруцеллез жұқтыру дең­гейі рес­публика бойынша 0,35 па­йыз бол­са, біздің облыста 0,05 па­йызды құ­рап отыр.

Биыл “Жануарларға жауапкер­ші­лікпен қарау туралы” заң қолданысқа енгізілгені белгілі. Соның 23- бабы­ның 2-тармағында қаңғыбас ит-мысық­тарды арнайы орындарда ұстау тала­бы қарастырылған. Бірақ бұны іс жү­зінде жүзеге асыру қиын­дық ту­дырып отыр. Заңнамаға сәй­кес ве­теринар­лық қызмет қаң­ғыбас ит-мы­сықтарды аулау және жою жұ­мыс­тарын тоқта­тып, тек зарарсыз­дан­дыру, таңбалап босатып жіберу­мен шектеледі. Қазіргі таңда үй жан­уарларын есепке алу жұмыстары басталды. Петропавл қа­ласында оны “ВетЛекарь” ветеринар­лық клиникасы атқарып жатыр. Биыл 600-ге жуық қаңғыбас ит-мысықты таң­ба­лау және зарар­сыздандыру жұ­мыс­тары жүргізілмек. “Нәти­же­сін­де об­­лыстың эпизоо­тиялық жағ­дайы тұ­рақтанады және жануарлар мен құс­­тардың жұқпалы аурула­рының тір­ке­лу жағдайлары азаяды”, – дейді об­лыс­тық аумақтық инспек­ция бас­шысының орын­басары Оразбек Батырбеков.

Жаңа заңнама гуманистік ниет­пен жасалғанымен, мұның салда­ры­нан қаңғыбас жануарлар көбейіп, жұқ­палы аурулардың (құтыру) пай­да бо­лу және таралу қаупі артқан. Бүгінгі таңда елді мекендерде қаңғыбас ит­тердің адамдар мен үй жануарла­ры­на шабуыл жасауы жиіледі.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp