«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСІРТКІ ТАРАТҚАН ӘЙЕЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жедел іздестіру іс-шарасы барысында 36 жастағы әйел ұсталды. Ол интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеп, синтети­калық есірткіні буып-түюмен және таратумен айналысқан деген күдікке ілігіп отыр.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қаласының тұрғыны облыстық прокуратураның үйлесті­руімен өткен жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қолға түскен.

Ұсталғанның тұрғылықты жерін тінту кезінде 2 полимерлі ыдыс және сатуға дайындалған ішінде түйір заты бар 109 полимерлік түйіншек, электрондық таразы, па­кеттер және есірткі сатушылардың басқа да құрал-жабдықтары тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттардың ішінде салмағы 155 грамнан асатын, халық арасында “тұз” аталып кеткен α-PVP синтетикалық есірткісі және салма­ғы 129 грамға жуық мефедрон, бұдан басқа тәркіленген заттың арасында 50 грамм гашиш болды.

“Ұсталған әйел қазіргі уақытта қа­мауда отыр. Аталған факті Қазақ­стан Республикасы Қылмыстық кодексі­нің 297-бабының 3-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заң­сыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақ­тау, тасымалдау, жөнелту не өткізу” бо­йынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркел­ді. Баптың санкциясына сәйкес, есірткі заттарын аса ірі мөлшерде дайындағаны үшін 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген”, – дейді облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Тер­зиди.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp