«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨЗ ТАРТАР КАРТИНАЛАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері музейінде суретші Виталий Жуковтың “Метаморфозы разума” атты жеке сурет көрмесі ашылды. Келушілер назарына кескіндеме техникасы бойынша салынған 27 картина ұсынылды. Көрермендер графикалық кескіндемені, абстрактілі пейзажды және фотореализм стиліндегі картиналарды ерекше қызығушылықпен тамашалады.

– Виталий Жуков – өзінің ерекше стилімен тұрақты көрермендерін та­ба білген суретші. Оның туындыла­­рында бояудың бірнеше түрі ай­рықша талғаммен үйлестірілген, – дей­ді музей қызметкері Вера Гончарова.

Суреттердің басым бөлігі пуантилизм стилінде салынған. Оларға жақындап қарасаңыз тек нүктелерді ғана көруге болады. Ал картинадан алыстаған сайын бейне айқындала бастайды.

– Аталмыш стиль 1885 жылы Фран­­цияда пайда болған. Пуанти­лизм – француз тілінен аударғанда нүкте деген мағынаны білдіреді. Бұл стиль­дің басты ерекшелігі нүкте арқы­­лы салынған бейнеде екі немесе одан да көп бояу қолданылады. Туындыларымның қатарында экспрес­сионизм стилін де қолдана отырып салған суреттер бар, – дейді көрме ав­то­ры.

Петропавлдық суретші көрмені өзінің 35 жасқа толған мерейтойына орай ұйымдастырған. Оның туынды­ларының басым бөлігі пейзаж жанрын қамтиды. Ол тек сурет салып қана қоймай, сонымен қатар 35 түрлі музыкалық аспапта ойнайды.

Сержан НҰРДОЛҚЫНҰЛЫ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp