«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Су деңгейі көтеріліп келеді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шал ақын ауданындағы Сергеев су қоймасы ернеуінен асып, таси бастады. “Қазгидромет” республикалық мемлекеттік кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, 5 сәуір күнгі жағдай бойынша қоймадағы су бес сантиметрге дейін көтерілген.

Есіл өзені мен оның сағаларын­да, шағын өзендерде де су деңгейі бірқалыпты емес. Мәселен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Ковыльное елді мекені маңынан өтетін Ақанбұрлық өзенінде су дең­гейі бір тәулікте 117 сантиметрге жетіпті. Ал Возвышенка елді меке­нінің жанында осы өзеннің деңгейі 93 сантиметрге көтерілген. Айыртау ауданындағы Гусаковка елді мекеніндегі гидрологиялық бекетте Бабықбұрлық өзенінің су деңгейі 69 сантиметрге артқан.

Иманбұрлық өзенінің де суы толып келеді. Бір тәулікте Соколовка елді мекенінің маңында оның дең­гейі жарты метрге көтерілген. Өзен­дерде мұз үстінен су кетіп, кей жерлерде сең жүріп жатыр.

Шал ақын ауданындағы Кре­щенка елді мекенінің жанында да Есіл өзенінің суы молайған, бір тәулікте көрсеткіш 117 сантиметрге артты. Петропавл маңында әзірге өзгеріс жоқ.

Өңірде 19 гидрологиялық бекет бар. Олардың 16-сы Есіл өзені мен оның салала­рында, екеуі Сергеев және Петро­павл су қоймаларында, біреуі Үлкен Тораңғұл көлінде орналасқан. Ондағы жағдайды мамандар күніне бірнеше рет бақылап отырады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp