«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТІНДЕ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов Петропавл қалалық полиция басқармасының, ведомство аппаратының жеке құрамымен кездесу өткізді.

– Қоғамның тыныштығы мен адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртіп сақшыларының кәсіби әрекеттеріне тікелей байланысты. Полицейлер тұрақты жалақымен және әлеуметтік кепілдіктермен қам­тамасыз етілген. Адамдардың заң­ды мүдделерін қорғау жөніндегі мін­деттердің мүлтіксіз орындалуы ма­ңызды, – деді Айдын Қабдұлдинов.

Кездесулерде бейнероликтер көрсетілді, есепке алу-тіркеу және автокөлікпен жүру тәртібін бұзудың нақты жағдайлары, тұрақты бейне-бақы­лау талаптары, полиция қызметкерлері тарапынан жасалатын қылмыстар мен құ­қық бұзушылықтады болдырмауға бағыттал­ған басқа да нормалар қарастырылды. Бөлімшелер басшылығына заң бұ­зушылықтарды жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Бүгіндері осындай кездесулер аудандық полиция бөлімдерінде жалғасуда.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp