«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Азия біріншілігінің қола жүлдегері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Астана қаласында күрес түр­лерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың бірін­ші кү­нінде балуандар грек-рим күре­сінен сынға түсіп, жерлесіміз Аманғали Бекболатов қола жүл­дегер атанды.

Солтүстікқазақстандық балуан 55 килограмм салмақ дәрежесінде белдесті. Алғашқы жекпе-жегінде үндістандық қарсыласынан 6:4 есе­бімен жеңілсе, жұбаныш белдесуінде Қырғызстан елінің өкілінен басым түсті. Ал үшінші орын үшін та­ласта қытайлық балуанды жеңіп, қола медальді еншіледі.

Жарыстың алғашқы күні Ұлттық құрама қоржынына төрт жүлде түс­ті, оның біреуі – күміс, үшеуі – қола.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp