«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дер кезінде жеткен жәрдем

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуір айының алғашқы күндері сағат 19:00 шамасында “Оңтүстік” бақылау-өткізу бекетінің жанына “ВАЗ-2114” көлігі тоқтайды. Есіл ауданының Ясновка ауылының тұрғыны полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Әйелдің айтуынша, олар облыстық перинаталдық орталыққа асығып бара жатқан. Алайда жүргізуші емдеу мекемесіне баратын жолды білмейтінін айтқан. “Жезқазған – Петропавл” автожолының учаскесін патрульдеп жүрген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жомарт Тасбаев пен Игорь Семин жас келіншек пен оның анасын қызметтік автокөлікке отырғызып, дереу орталыққа жеткізеді.

– Біз оларды перзентханаға қаланың ішімен тезірек жеткізуге тырыстық. Жанымдағы әріптесім жолда осы оқиға жайлы кезекші бөлімге және перинаталдық орталыққа хабарлады. Онда бізді медицина қызметкерлері қарсы алды. Бірнеше минуттан кейін бізге жас келіншектің анасы хабарласып, ризашылығын білдірді, дүниеге қыз бала келгенін айтты, – дейді Игорь Семин.

Аманжол НҰРТАЗИН,

Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp