«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көше кеңейтіледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Петропавлдағы Горький көшесін жөндеу жұмыстары жалға­сады. Сәуірдің онынан бастап Партизан мен Исмаилов көшелері ара­лығындағы жол учаскесі жабылды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары бөлі­мінің мәліметінше, ұзындығы 500 метрді құрайтын учаске 10 мау­сымға дейін жөнделеді. Осы уақыт ішінде мұндағы көлік қозғалысы шектелмек. №16 бағыттағы қоғам­дық көліктің жүру кестесіне өзгеріс енгізілді. Енді бұл автобус Жамбыл көшесі бойымен қатынайды.

Горький көшесіндегі жол учаскесін қалпына келтіру жұмыстары өткен жылы басталған болатын. Биыл жұмыс жоспарына сәйкес, жол 15 метрге дейін кеңейтіліп, жаяу жүргіншілер жолы жөнделеді. Сондай-ақ жаңа аялдама павильондары қойылып, көше бойына жас көшеттер отырғызылады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp