«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ойды дамытатын ойын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл елімізде тұңғыш рет рес­публикалық шахмат челенджі өтті. Бұл шараны жергілікті жерлерде құзырлы органдар мен білім беру мекемелері ұйымдастырды. Елі­міз­дің барлық аймақтарында 2-11 сынып оқушылары арасында бір уа­қытта өткен шараға қала мектеп­тері белсене қатысты.

Облыс орталығындағы әл-Фа­раби мектеп-лицейінде оқушылар, ата-аналар және педагогтар ара­сында сайыс өтті. Шахмат ойнауға үш тараптың да қызығушылығы зор болды. Шахмат – адамның ақыл-ойын да­мытатын ойын. Че­лендж­дің басты мақсаты – оқушы­лардың ой-өрісін кеңейтіп, белсенділігін арт­тыру, логикалық ойлау, есте сақ­тау, аңғарымпаздық пен зейінін да­мыту. Оған қоса, балалардың бо­йында табандылық, төзімділік, ерік-жігер, сабырлылық, өз қабі­леттеріне деген сенімділікті дамы­ту да аса маңызды.

Ойын ФИДЕ ереже­леріне сәй­кес өтті. Командалар ара­сындағы жарыс тартысты болып, со­ңын­да же­ңімпаздар тобы анықталды.

– Шахмат ойыны өте пайдалы. Біздің мектепте шахмат үйірмесі жұ­мыс істейді. Оған 30 шақты бала қатысады. Әр жұма сайын шах­мат сабақтары өтіп тұрады. Ке­лешекте осындай іс-шаралар көптеп ұйым­дастырылады. Бұл оқу­шы­лардың ойынға деген қызығушы­лығын арт­тырары сөзсіз, – деді әл-Фараби мектеп-лицейі дирек­торы­ның орын­­басары Нұрқан Қамзин.

Әдия ТАСБОЛАТ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp