«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қасиетті айда баспаналы болды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы “Зекет және қайы­рым­дылық” қорының бастамасы­мен “30 күнде – 30 үй” республикалық ак­ция­сы аясында өңіріміздегі аз қам­тыл­ған бір отбасыға пәтер кілті та­быс етілді.

Қасиетті Рамазан айының құр­метіне ұйымдастырылған акцияда Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­ның Новоишим ауылында тұратын Амангелді Шұпановтың отбасы бас­паналы болды. “Зекет және қайы­рымдылық қорының” облысымыз бо­йынша өкілі Қасымхан Абдул­лаұлы демеушілердің көмегімен үш балалы отбасыға баспана кілтін салтанатты түрде табыс етті. Бұл қасиетті айда істелген игі істердің ең үлкені десек те болғандай. Атал­мыш акция еліміздің барлық өңір­лерінде “Ел үлесі – патерге” республикалық жобасы аясында өтіп жатыр.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp