«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мағжанның жыры мәңгілік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют аудандық Мә­дениет үйінде Мағжан Жұма­баевтың 130 жылдығына ар­налған көркемсөз оқу шебер­лерінің байқауы өтті. Аудан көлемінде өткізілген жарыста жаны жырға жақын, өлеңқұмар жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер бақ сынады.

Байқаудың мақсаты – Мағжан Жұмабаевтың шығар­ма­шылығын насихаттау арқылы тіл мә­де­ниетін көтеру, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті жанданды­ру, халық арасынан талапты, та­лантты жастарды табу.

Мағжанның отты өлеңдерін жат­қа оқыған қатысушылар ақын­ға ар­наған жауһар жырларын да көрер­мен назарына ұсынды. Қа­тысу­шы­лардың арасында Мағ­жанның жыр­ла­рын майын тамыза мәнерлеп оқы­ғандар көп болды. Солардың бірі – №2 Мамлют орта мектебінің 10 сынып оқушысы Дмитрий Баев. Ол Мағжанның “Бөбектің тілі”, “Сырық мойын, біз мұрын”, “Жүсіп хан” өлеңдерін жатқа оқыды.

Қазылар алқасы қатысу­шы­лар­ды өлеңдегі сөз қол­да­нысына, ой тереңдігіне, көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына, сахна әдебіне на­зар аудара отырып бағалады.

Байқау нәтижесі бойынша Бос­тандық орта мектебінің мұғалімі Санжар Сабыр жүлделі І орынды қанжығасына байласа, ІІ орынды Краснознаменное орта мектебінің тәрбиешісі Ұлмекен Ділдабекова ен­шіледі. Ал ІІІ орын Дубровное орта мектебінің мұғалімі Назира Құр­манғалиеваға бұйырды. “Көр­кем­сөз оқу шебері” аталымын Ис­кра орта мектебінің мұғалімі Арайлым Нұр­ғалиқызы, “Шығар­ма­шыл тұлға” ата­лымын Пок­ровка орта мектебінің оқушысы Мұрат Абдуқадыр иелен­ді. Бай­қау жеңімпаздарына дип­ломдар, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp