«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РУХАНИ КЕЛІСІМНІҢ МӘНІ ЗОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Конфессияаралық келісім – Қа­зақстан халқы үшін өзара түсіністік­ке негізделген өте қастерлі құнды­лық. Әртүрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту игі қадам болып табылады. Еліміздің әлемдік және дәстүрлі діндер ара­сында сенімді байланыстар орнық­тыратын өркениетаралық үнқатысу алаңына айналуы – Президент Қа­сым-Жомарт Тоқаевтың жаһандық үнқатысуға бағытталған мемлекет­тік саясатты тиімді жүргізудің нәти­жесі. Елімізде радикализмнің кез келген түріне берік тосқауыл қойыл­ған, адамды тіліне, ұлтына, нәсіліне қарап кемсітуге, қорлауға еш жол берілмейді. Оған үш жыл сайын өт­кізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы арқылы да анық көз жеткізіп отырмыз.

Қазіргі уақытта дәстүрлер мен көз­қарастардың әралуандығына қарамастан еліміздегі конфессия­лар бейбітшілік пен келісімді, қоғам­дық тұрақтылықты қамтамасыз етуді басты мақсат еткен. Діни іс-шаралар осы бағытқа жұмылдырыл­ған. Көпэтникалық және көпконфес­сионалды қарашаңырақтың ортақ мүддесіне қызмет ететін 18 діннің өкілдері өзара әрекеттесе отырып, мемлекеттің ұстанымын бұлжытпай орындайды. “Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы” заң азаматтар­дың діни сенім бостандығы жөнін­дегі құқықтардың жүзеге асырылуына кепілдік береді. Мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастың басты сипаты кез келген тұлғаның діни сенім еркіндігін қамтамасыз етуімен өлшенеді. Ханафи бағытын­дағы исламның және православтық христиандықтың халық мәдениеті­нің дамуы мен рухани өміріндегі та­рихи рөлі айқын. Бұл – ислам дінінің қазақ мемлекеттілігінің және халықтың рухани-мәдени құндылықтарының қалыптасуына негіз болғандығын, сондай-ақ қазақ елімен ортақ әрі көптеген этностардың дәстүрлі діні саналатын православиелік христиан­дықтың Қазақстан халқының өмірін­дегі рухани-мәдени маңызын айғақтайды. Сонымен қатар құқықтық негізде этнос өкілдерінің рухани мұ­расымен үйлесетін басқа да діндер­ді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын білдіреді.

Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жеткізу, деструктивті діни ағымдардан төнер қауіптің алдын алу, халық арасында профилактикалық жұмыс жүргізуде ең тиімді тетіктердің бірі – ақпарат­тық-түсіндіру топтарының жұмысын жандандыру. Уәлиханов ауданында мақсатты топтармен профилактикалық іс-шаралар атқару үшін ақпараттық үгіт-насихат топтары құрылды. Ондағы мақсат – жұмыссыздар, қоныс ау­да­рушылар, иманды жастар, ата-ана­лар қоғамдастығы, өзін-өзі жұмыс­пен қамтығандар, пробация қызме­ті­нің есебінде тұрған азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату. Осыған орай 5 адамнан тұратын діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша аудандық ақпарат­тық-түсіндіру тобының жаңа құрамы бекітілді. Оған құқық қорғау органдарының, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бюджет қызметкерлері тартылды. Жыл басынан бері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатымен ауылдық округтерде 11 жоспарлы және жоспардан тыс бір іс-шара өткізілді. Дәрістер, “дөңге­лек үстелдер”, семинарлар ұйымдас­тырылып, жарты мыңнан астам адам қатысты.

Ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, жастар ресурстық орталы­ғының директоры Б. Жұмағұлова­ның “Дәстүрлі емес діни ағымдар­дың қауіптілігі” тақырыбы бойынша баяндамасын 9-11-сынып оқушыла­ры ықылас қоя тыңдады. Ал семи­нар барысында жастарды иманды­лыққа баулу, қауіпті діни ағымдар­дан сақтандыру, рухани тазалыққа үндеу, отансүйгіштік рухта тәрбие­леу жайлы нақты мағлұматтар келті­рілді. Кішкенекөл №1 орта мектебін­де ақпараттық-түсіндіру тобының мү­шесі М.Балтабаевтың ата-аналар қауымдастығымен “Қазақстандық теологиялық оқу орындарында діни білім алудың орнықтылығы” тақырыбындағы кездесуі тағылымға толы болды. Мұнда да діни білім беру жүйесі туралы ақпараттанды­ру, түлектерге болашақта мамандық таңдау жайы жан-жақты айтылды. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бө­лімінің қызметкерлері мен қоғамдық даму және ақпарат орталығы конфессияаралық қатынастарды тал­дау және дамыту бөлімінің теологы Д.Қабдолуалинов Кішкенекөл ауылында қоныс аударушылармен жүздесті. Діни экстремизм мен терроризмнің ал­дын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары зор қызығушылық тудырды. “Діни қызмет және діни бірлестіктер тура­лы” қолданыстағы заңның жай-жап­сары түсіндірілді.

Барлық іс-шаралар әртүрлі фор­матта өткізіледі. Қоғамда, ең алды­мен, жастар ортасында діни экстремизмнің алдын алуды күшейтуге, сондай-ақ дінге сенушілердің де, сенбейтін азаматтар­дың да құқықтарын құрметтеуге баса назар аударылады. Тұрғындар арасында зайырлы мемлекеттің дәстүрі және мәдениетімен үндесе­тін, діни сананы қалыптастыратын құндылықтар үзбей насихатталады. Дін саласындағы мемлекеттік идеологияның негізгі басымдықтары, оның ішінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуды діт­тейтін ақпараттар әлеуметтік желілер­ге, бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланып тұрады.

Гүлнар АПЛЕСАНОВА,

аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp