«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған құжатпен қаржы жымқырған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Атам қазақ “Дәніккен­нен құныққан жаман” деп те­гін айтпаған. Ашкөз­діктің соңы жақсылыққа апармайды. Өңірде қыл­мыс­тық құқық бұзушы­лық­қа барды деген айып тағылған облыстық ад­вокаттар алқасының бұ­рынғы қорғаушысына қа­тысты сот үкімі шық­ты.

Өзіне артылған сенімге сел­кеу түсірген адвокаттың қылмыс­тық әрекеті прокурорлық тексеру және бірқатар қылмыстық істерді қарау кезінде белгілі болды. Об­лыс прокурорының орын­басары Мұрат Қожамқұловтың айтуын­ша, бұл қорғаушыға тегін мемле­кеттік заң көмегін көрсету және ол үшін бюджет қаражатынан төлем алу құқығы берілген.

– Бірақ бұл қаражатты аз көр­ген ол заңсыз ақша табу туралы шешім қабылдайды. Арнайы про­курорлар мұқият тергеу жүргізіп, адвокат бюджет қаражатын ұр­лау мақсатында қылмыстық қу­да­лау органдарының лауа­зымды адамдарының атынан “қорғау­шының қызметтері үшін ақы тө­леу туралы” 117 жалған қаулы дайындағанын анықтады, – дейді облыс прокурорының орынба­сары Мұрат Қожамқұлов.

Мемлекетке келтірілген шы­ғын 7 млн. теңгені құрады. Қыл­мыстық іс сотқа екі бап бойынша жолданды. Олар – алаяқтық және ресми құжаттарды қолдан жасау. Адвокат кінәсін толығы­мен мойындады. Сот оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жа­засын тағайындады. Сондай-ақ оған 5 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысуға тыйым салды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp