«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ЖОҒАРЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Заман жаңа сипат алған сайын қоғамның бейнесі де өзгеріп келеді. Әсіресе кейінгі буынның жаңа технологияларға деген қызығушылығы жоғары. Соған сай оларға арналған түрлі байқаулар да жер-жерде жиі өтіп тұрады. Облыс орталығында бұл саладағы дарынды жастарды анықтап, қолдау көрсету үшін “Хакатон” жобалар байқауы ұйымдастырылды.

Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен байқауға 100-ге жуық оқушы қатысып, бақ сынады. Сайыс барысында олар бағдарламалау негіздері және мобильді қосымшалардың ерекше жобаларын әзірлеу бойынша білімдерін көрсетті.

– Байқауға қатысушылар топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды шешеді. Ондағы тапсырмалар да әдеттегідей емес, кейс түрінде беріледі. Оны шешу 24 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Додаға екі топқа бөлінген 7-12 сынып аралығындағы білім алушылар қатысты, – дейді информатика пәнінің мұғалімі Әділбек Исмағұлов.

Байқауға қазылық етуге келгендердің арасында өңірдегі белді компания басшылары да бар. Олар осындай шаралар арқылы болашағынан үміт күттірер жастарды анықтайды. Байқау соңында төрешілердің шешімімен жеңімпаз атанғандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp