«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көшпелі кездесу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция де­пар­таментінің бастығы Айдын Қабдұл­динов бар­лық он үш ауданның поли­ция бөлімдерінің жеке құ­рамымен көшпелі жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуде заманауи поли­цей­лерге заңдылық пен тәртіпті сақтау бойынша негізгі талаптар айтылды. Аудандық по­лицейлерге заң бұзу­шы­лық­тар­ға жол берген бұ­рынғы по­лицей­лерді ұстау сәтте­рінен бей­не­жазбалар көрсетілді. Бұ­дан бө­лек, өзіндік қауіпсіздік қыз­меті жүр­гізетін жұмыстар кешенінің не­гізгі мақсат­тары мен міндет­тері айтыл­ды.

Департамент бастығы Ішкі істер министрі, полиция гене­рал-полков­нигі Марат Ахметжа­нов заңдылық пен тәртіпті сақ­тау, полиция қата­рын­да сы­байлас жемқорлық факті­лері­мен қатаң күрес, кадр саясатын же­тіл­діру мәселесін қатаң бақы­лауға ал­ғанын және басшы­лар­ға қара­мағын­дағы қызметкер­лері заң бұзу­шылық­тар жаса­ғаны үшін жеке жа­уапкер­шілік қарасты­рыл­ға­нын ес­кертті. За­ма­науи қазақ­стан­дық по­лицей­лер үшін мем­лекет ке­зең-ке­зең­мен бар­лық жағдайды жасауда. Осыған бай­ланысты қо­ғам мен мем­лекет алдын­да мін­сіз қыз­мет атқару үшін полиция офи­церлері мен сер­жанттары зама­науи құқықтық тәртіп сақ­шы­сының стандарттарына ба­рынша сай болуы тиіс. Облыс­тық по­лиция департа­ментінің бастығы өзіндік қауіпсіздік бас­қарма­сына, жеке құрам бойын­ша инс­пекцияға және бірқатар жедел бөліністерге облыс полицей­лерінің тарапынан бо­латын құ­қық бұзушы­лықтарды анық­тау бойынша жұмыс­ты күшейтуді тап­сырды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp