Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин аудан әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Құсановтың лауазымдық қызметін асыра пайдаланып, алдау жолымен жол құрылысы компаниясының директорына Булаев қаласының көшелерін жаңғырту бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт есебінен қаржыландыруды ұлғайту мүмкіндігі бар екендігі туралы жалған ақпарат берген.
– Бұл факт алаяқтық әрекет ретінде танылды. Өйткені жұмыс көлемін орындау туралы шарт аудан әкімдігімен емес, Булаев қаласы әкімдігімен жасалған. Сондықтан талап бойынша қаржыландыруды ұлғайту сотталушының құзыретіне кірмеген. Апелляциялық соттың үкімімен айыпталушыға үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді, – деді Дамир Хабибулин.
“Мемлекеттік қызмет туралы” Заңда бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі қарастырылған. Атап айтқанда, айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін мемлекеттік саяси қызметшілер 10 күн ішінде отставкаға өтініш берулері тиіс.
Аудан әкімі заң талаптарын сақтаған. Бұл ретте облыс әкімі қарамағындағы қызметкердің отставкасын қабылдамай, қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданды.
Заңға сәйкес отставкаға кету туралы өтініш мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындаған лауазымды тұлғаға беріледі. Отставканы қабылдау немесе қабылдамау саяси қызметкерді қызметке тағайындаған тұлғаның құзыреті шегінде шешіледі.
Екатерина ӘУБӘКІРОВА,
облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.