«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Аудан әкіміне – қатаң сөгіс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов Мағжан Жұмабаев ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы ведомствоның превенция басқар­ма­сының басшысы Дамир Ха­би­бу­лин аудан әкімінің бұрынғы орын­ба­сары Серік Құсановтың лауазымдық қызметін асыра пайдаланып, алдау жо­лымен жол құ­рылысы ком­паниясының директо­рына Булаев қаласының кө­шеле­рін жаңғырту бойынша мемле­кет­тік са­тып алу туралы шарт есебінен қаржыланды­ру­ды ұлғайту мүмкіндігі бар екендігі тура­лы жалған ақпарат берген.

– Бұл факт алаяқтық әрекет ре­тінде танылды. Өйткені жұмыс к­ө­лемін орындау туралы шарт ау­дан әкімдігімен емес, Булаев қа­ласы әкімдігімен жасалған. Сондықтан талап бойынша қаржы­ландыруды ұл­ғайту сотталушының құзыретіне кірмеген. Апел­ляциялық соттың үкі­мімен айыпталушыға үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы та­ғайын­далды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз­дік мекемесінде өтейді, – деді Дамир Хабибулин.

“Мемлекеттік қызмет туралы” Заңда бағынышты қызметкерлер­дің сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірінші басшылардың жауапкершілігі қарасты­рылған. Атап айтқанда, айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін мем­лекеттік саяси қызметшілер 10 күн ішінде отс­тав­каға өтініш бе­рулері тиіс.

Аудан әкімі заң талаптарын сақтаған. Бұл ретте облыс әкімі қа­рамағындағы қызметкердің от­ставкасын қабылдамай, қатаң сө­гіс түрінде тәртіптік жаза қол­данды.

Заңға сәйкес отставкаға кету ту­ралы өтініш мемлекеттік қыз­метші­ні лауазымға тағайындаған лауа­зым­ды тұлғаға беріледі. Отс­тавка­ны қабылдау немесе қабылдамау саяси қызметкерді қызметке тағайын­даған тұлғаның құзыреті шегінде ше­ші­леді.

Екатерина ӘУБӘКІРОВА,

облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp