«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Барс” – күміс жүлдегер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Баскетболдан жоғары лига командалары арасындағы ел чемпионаты аяқталды. Солтүстікқазақстандық “Барс” клубы күміс жүлдегер атанды. Жерлестерімізді бұл жетістігімен облыс әкімі Айдарбек Сапаров құттықтады.

Өңір басшысы әлеуметтік желі­дегі парақшасында команда мүше­леріне жылы лебізін білдіріп, алдағы маусымда сәттілік тіледі.

“Бірнеше жылдан бері солтүстікқазақстандық баскетболшылар еліміздің ең мықты үш клубының қатарынан көрініп келеді. Спортшы­ларды, жаттықтырушыларды және баскетбол клубының басшы­лығын маусымның сәтті аяқталуы­мен құттықтаймын. Сіздерге жаңа жеңістер мен жетістіктер тілей­мін”, – деп жазды Айдарбек Сапаров.

Биыл жерлестеріміз 33 турда 29 рет жеңіске жетіп, 4 мәрте қарсыласына жол берді. Осы маусымда жоғары лигада Шымкент қаласының командасы топ жарды. Үшінші орынға алматылық ұжым жайғасты.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp