«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҒЫН ДЕНДРОБАҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­теті жанынан шағын дендробақ ашылды. Оның жалпы ау­мағы – 0,3 гектар. Бұл жерге ерекше және сирек кездесетін 50 шақты ағаш отырғызылды.

“Былтыр Назарбаев универ­си­теті еліміздің жоғары оқу орындары арасында конкурс жариялаған бола­тын. Біз екі бірдей грантты ұтып ал­дық. Әрқайсысы – 800 мың теңге. Уни­­верситет басшылығы қосымша қар­жы бөліп, нәтижесінде дендро­бақ пайда болды. Мамандармен ақыл­даса келе дендробаққа өңірі­міз­де кездесе бермейтін, бірақ кли­мат­тың ұқсас болуына орай тез жер­сініп кететін ағаш түрлерін отырғы­зуды мақсат еттік”, – дейді жоғары оқу ор­нының доценті Тимур Зверяченко.

Дендробақ ашу бастамасы университет оқытушыларының да кө­ңі­лінен шыққан. Солтүстік Америка­дан, Канаданың оңтүстігінен, Альпі ор­мандарынан ерекше ағаштар ар­найы тапсырыспен әкелінген.

Дендробақта канадалық псев­дотсуга мензис ағашы бар. Ол көлемі бойынша секвоядан кейін екінші орында тұр. Бұл өсімдіктің биіктігі 100 метрге дейін барады, ал диаметрі 6 метрге жетеді.

Дендробақтың бір бөлігіне Қы­зылжар топырағында өсетін ағаштар да егілген. Соның бірі – қара қандыағаш. Маманның айтуынша, оны Сергеев су қоймасының ма­ңынан ғана көруге болады екен.

Болашақта бұл дендропаркті жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері ғылыми жұмыста­рына пайдалана алады. Сирек кез­де­се­тін ағаштарды тәжірибе жасау үшін қол­дануға болады. Дендробақ – ор­ман шаруашылығы мамандығы бо­йын­ша білім алып жатқан сту­дент­­терге жақсы тәжірибе алаңы іспеттес.

“Студенттердің көмегінсіз біз мұндай ауқымды жұмысты атқара алмас едік. Топырақтың нашар­лы­ғынан ағаштарды жоспарлағандай бір күнде емес, сегіз күн ішінде ғана отырғызып болдық. Жастар бұл жұ­мысты үлкен қызығушылықпен ат­қарды. Дендропаркті құру кезінде оларға ағашты дұрыс отырғызу, то­пырақты дайындау, шұңқыр қан­дай те­реңдікте болуы қажеттігі, то­пы­раққа күтім жасау тұрғысынан білім бер­дік”, – дейді Тимур Зверяченко.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp