«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айыппұл салынады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Табиғатты қорғау полицейлері рейдтік іс-шараларды күшейтті. Тәр­тіп сақшылары Шал ақын ауданы ма­ңынан “Audi-100” автокөлігін тоқтат­қан. Тексеру барысында көліктің жүксалғышынан қапқа салынған салмағы он бес килограм­нан асатын сегіз шортан мен ау табылды. Ауыл тұрғынына қатысты Әкім­шілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 383-бабының 3-бөлігі “ба­лық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қор­ғау қағидаларын бұзу” бойынша ма­териал жиналды. Бұл баптың санк­циясына сәйкес же­ке тұлғаға 20 айлық есептік көр­сет­кіш мөлшерінде айыппұл салы­нады. Уылдырық шашатын кезде шортан аулауға тыйым салынғанын ескертеміз.

Игорь МЕРЦАЛОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp