Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдеріне Петропавл қаласының 21 жастағы тұрғынының синтетикалық есірткі таратуға қатысы болуы мүмкін деген ақпарат түскен. Ол жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде ұсталды. Жеке тінту кезінде одан ақ түсті ұнтақ зат салынған 10 полимерлік түйіншек тәркіленді. Жас жігіттің айтуымен полицейлер қала орталығынан есірткі жасырылған тағы 15 орынды анықтады.
Соттың санкциясы бойынша күдікті қамауға алынды. Жыл басынан бері облыста есірткі сатты деген күдікпен барлығы жиырма екі адам ұсталды, оның он екісі 18-25 жас аралығындағылар. Психотроптық заттарды сатқандарға 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Иван ТЕРЗИДИ,
облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы.