«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Есірткі жасырған жігіт

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бас­­­қармасының жедел уәкілдеріне Петропавл қаласының 21 жастағы тұрғынының синтетикалық есірткі­ таратуға қатысы болуы мүм­кін деген ақпарат түскен. Ол же­дел-іздестіру шаралары нәтиже­сін­де ұсталды. Же­ке тінту кезінде одан ақ түсті ұнтақ зат салын­ған 10 полимерлік түйіншек тәркілен­ді. Жас жігіттің айтуымен по­лицейлер қала орталығы­нан есірткі жасырыл­ған тағы 15 орын­ды анық­тады.

Соттың санкциясы бойынша кү­дік­ті қамауға алынды. Жыл басынан бері облыста есірткі сатты деген кү­дікпен барлығы жиырма екі адам ұс­талды, оның он екісі 18-25 жас ара­лығындағылар. Психотроптық зат­тар­ды сатқандарға 10 жылдан 15 жыл­ға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Иван ТЕРЗИДИ,

облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp