Пауэрлифтингтен Ресейдің Омбы қаласында Еуропа чемпионаты өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеден солтүстікқазақстандық атлеттер жүлделі оралды.
Еуропа біріншілігінде өңір намысын 6 спортшы қорғады. Жерлестеріміз пауэрлифтингтің бірнеше бағыты бойынша сынға түсіп, 16 алтын медальға қол жеткізді. Солтүстікқазақстандықтар Юрий Яшин, Сергей Замалиев, Евгений Гуляко, Федор Вязовой, Иван Царев пен Роман Гнатенколар “Фитнес бар” командасы сапында өнер көрсетіп, Еуропа мен Ресейдің бірнеше рекордын жаңартты.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.