Петропавлда тұрғын үйдің бесінші қабатынан құлаған зейнеткер көз жұмды.
Оқыс оқиға 18 сәуір күні орын алған. Петропавл қалалық полиция бөлімінің кезекшісіне Нұрсұлтан Назарбаев көшесіндегі үйдің терезесінен әйел адамның құлап кеткендігі туралы хабар түскен. Әйелдің жасы – 67-де. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.