«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ” ЖОБАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Amanat” партиясы ауыл тұр­ғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында “Halyk Bank”-пен бірлесе отырып, “Қарызсыз қоғам” жобасын іске қосты. Оның негізгі мақсаты – жеке тұлғалар арасында проблемалық бере­шегі бар адамдардың қаржылық сауатын арттыру. Жобаға қатысуға өтінім 2 мамырдан бастап қабылданып, жыл соңына дейін жалғасады.

Қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша тегін курс рес­публикалық саяси ұйымның аудан­дық филиалдарында өтеді. Курсқа келгендер 5 күн оқиды. Әр топ 30-50 адамнан жасақталады. Бір айда 3 топ оқыту жоспарланып отыр.

Оқу бағдарламасы несие бо­йынша қарыздары бар және бо­рышкерлер тізіміндегі адамдар, дәл қазіргі уақытта несиесі бар, бі­рақ мерзімі өтіп кеткен берешектері жоқтар, жеңілдікпен несие алып, мемлекеттік бағдарламалар бо­йынша қаржыландырылатын, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған.

Жоба аясында ауылдық елді ме­кендердің 80 мыңға жуық тұрғынын қамту жоспарланған. Қатысушылар өз қаражатын тиімді басқаруды және шығынды оңтайландыруды, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерден сақтануды үйренеді.

“Қарызсыз қоғам” жобасының алғашқы кезеңінде еліміздің 8 өңірі – Ақтөбе, Алматы, Түркістан, Сол­түстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстары қамтылады.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Amanat” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp