«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРІСІ КЕҢЕЙГЕН ӨНДІРІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс орталығындағы “Алькор-СК” жауапкершілігі шектеулі серік­тестігінің іргетасы 2013 жылы қа­лан­ған. Бүгінде ол азық-түлік тауарларын орайтын полиэтилен қапшықтар мен пленкалар шығаратын іргелі өндіріске айналған. Осы уа­қыт ішінде серіктестік “Даму” кәсіп­керлікті дамыту қорының қолдауымен өндірісін арттырған. Жас кә­сіпкер Чингиз Ашамаев алғаш рет 2016 жылы қордың “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының кепілдік беру тетігін пайдаланған екен. Содан бері ісі өрге басып, өн­дірісі кеңейе түсті. Қазір Чингиз Ашамаев – өзі ашқан серіктестіктің құрылтайшысы. Биыл тағы қор­дың көмегіне жүгініп, “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба” бағ­дарламасы бойынша айналымдағы қорын тол­тыру үшін екінші деңгейлі банктен 21,75 пайызбен 143 миллион теңге алған. Қалтасынан 7 пайызын ғана төлейді, қалғаны мем­лекеттің көмегі есебінен өте­леді. Бұл – кәсіпкер үшін үлкен жеңіл­дік. Биыл кәсіпорын өндіріс ғимара­тын, ондағы құрал-жабдықтарды жаңартқан. Нәтижесінде өндірістің бір айдағы қуаттылығы 25-тен 40 тон­наға ұлғайыпты.

– Алдағы уақытта өндіріс қуат­ты­лығын 100 тоннаға дейін жеткізе­міз. Қазіргі таңда серіктестікте 25 адам жұмыс істейді. Орташа еңбекақы – 180 мың теңге. Алдағы уақытта тың жобаны қолға алып, экологиялық таза пакеттер шығару өндірісін іске қосамыз, – дейді “Алькор-СК” жа­уапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Константин Абибек.

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” акционерлік қоғамы жұмысын негізгі екі бағыт бойынша үйлестіріп отыр. Олар – кәсіпкерлердің банк­тен алған кредиттерінің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кәсіпкерлер үшін банк алдында кепілдік жасау. Сондай-ақ оқыту және кеңес беру бойынша да қызметтері бар. Осындай міндеттерді атқарып жүрген қордың солтүстікқазақстан­дық филиалы талай кәсіпкерге қолдау көрсетті. Атап айтар болсақ, қор жұмысы жанданған 2010 жылдан бері 5578 жоба қолдау тапты. Оларға бағытталған қаржы­лай көмек сомасы 370 млрд. теңгені құрайды. Орта және шағын бизнес­тің арқасында 4122 адамға тұрақты жұмыс орны ашылған. Кәсіпкерлер бюджетке 112 млрд. теңге салық төлеген.

– Шағын және орта кәсіпкерлік­пен айналысуға ниетті кез келген азаматқа қол­дау көрсетеміз. Кәсіпкерлердің көбі екінші деңгейлі банктерден не­сие алғысы келгенімен, олардың та­лаптарын орындай алмай жатады. Сондай кезде біз көмекке келеміз. Банктің белгілеген сыйақы мөлшерлемесі бар. Қалалықтар оның 7 пайызын, ауыл тұрғындары 8 пайызын ғана қалтасынан төлей­ді. Қалғанын “Даму” қоры өз мінде­тіне алады. Үстіміздегі жылы 44 жо­баға субсидия бөлінді. Жалпы биыл қор 8 млрд. теңге көлемінде субси­дия беруді жоспарлап отыр, – дейді “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ облыстық филиалының директоры Гүлбаршын Дәулет­баева.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp