«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Лаңкестікке қарсы жаттығу

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сол­түстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері алты ауданда жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиындарын өткізді.

“Нақты жағдайларға жақын ке­зеңдерде жедел штабтың қойыл­ған міндеттерін тексеру және көрсету” тақырыбында өткен іс-шараларға өңірдің Қызылжар, Есіл, Айыртау, Тимирязев, Шал ақын және Ғабит Мү­сірепов атындағы аудандардың мемлекеттік органдары қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемле­кеттік органдардың ведомствоара­лық өзара іс-қимылын жетілдіру, тер­роризм актісінің жолын кесіп, оқу-жаттығуларға қатысушылардың жа­уынгерлік қабілеттілігі мен мо­раль­дық-психологиялық қасиеттерін ар­тыру.

Оқу-жаттығу барысында қауіп­сіздік тұрғысынан осал объектілер­де терроризм актілерін жасаудың әртүрлі сценарийлері қолданылып, оған төтеп беру мәселелері пысық­талды. Сондай-ақ штаб мүшелері мен жедел топ басшылары терро­ризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың қызметін реттейтін терроризмге қарсы заңнаманы және бірлескен бұйрықтарды білу тұрғысынан тесттер тапсырды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бо­йынша анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды әзірлей отырып, қорытындыларға егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.

Шара соңында әр жедел топтың дайындығына тиісті баға берілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp