«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖЕЛІЛЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен жылы “Қызылжар су” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 334 миллион теңгеге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді. Бұл қаражатқа су құбыры мен кәріз желілері ауыстырылды.

Былтыр “Қызылжар су” серіктестігі 126 миллион теңгеге су желілерін жөндеді, 316 құдықты қалыпқа келтірген. Сондай-ақ 115-ін күрделі жөндеуден өткізген. Ал 57 миллион теңгеге кәріз коллекторлары ауыстырылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәріз желілерінің тозу көрсеткіші 2 пайызға азайды.

– Инвестициялық бағдарлама аясында жалпы ұзындығы 5,3 километрді құрайтын 38 учаскенің су құбыры ауыстырылды. Тоғыз учаскедегі кәріз желілері жаңартылды. Сонымен қатар сорғы жабдықтары сатып алынды. Кәсіпорын 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға 140 млн. теңге бөлді, – дейді серіктестіктің бас инженері Ербол Нәбиев.

Қазіргі уақытта кәсіпорынға тиесілі су құбыры желісінің ұзындығы 344 километрді құрайды. Ал облыс орталығындағы кәріз желісінің ұзындығы 257 шақырымнан асады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp