«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жұмыс берушілердің жауапкершілігі төмен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай “Севказэнерго” АҚ-ның мәжіліс залында жиын өтіп, оған кәсіпорын, зауыт өкілдері қатысты. Басқосуда жұмыста кездесетін жазатайым оқиғалардың себеп-салдары талқыланды. Жыл басынан бері өндіріс орнында бірнеше жазатайым оқиға орын алыпты.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім жетекшісі Азат Көшербаевтың айтуынша, төтенше оқиғаның бірі газбен айналысатын серіктестікте орын алған. 5 литрлік газ баллоны жарылып, салдарынан бір адам қайтыс болды. Екінші жағдай Келлеровка орта мектебінде тіркелген. Онда пеш жағушы көмір алып жатқанда газ баллоны жарылып, үйіндінің астында қалған. Мейірбике жұмыс уақытында аурухана ауласында құлап, аяғын жарақаттап алған. Құрылыс алаңында жас жігіттің үстіне терезе жақтауы құлап, оның ақыры кісі өлімімен аяқталды. Бір сөзбен айтқанда, жұмыс берушілердің жауапкершілігі төмен, жұмысшылардың қауіпсіздігіне салғырттық басым. “С.Киров атындағы зауыт” акционерлік қоғамында қауіпсіздікті 4 техникалық инспектор қадағалайтын жақсы тәжірибе қалыптасқан.

– Күн сайын учаскелерді аралап, кемшіліктерді анықтаймыз, алдын алу шараларын қарастырамыз. Жұмысшылармен тілдесіп, арыз-шағымдарын мұқият тыңдаймыз. Хаттаманы басшылықтың назарына ұсынамыз. Қауіпті құрал-жабдықтармен жұмыс істеу барысында мамандар арнайы көзәйнекпен жүрулері шарт, – деді техникалық инспектор Павел Заика.

Еңбекті қорғау күніне арналған жиында бұған дейін оқыс оқиғалар тіркелген серіктестік өкілдері сөйлеп, қаншалықты сабақ алғандарын айтты.

Әдия ТАСБОЛАТ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp