«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мерзімі қысқартылды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Азаматтарға арналған үкі­мет” мемлекеттік кор­пора­циясы “Жылжымайтын мүлік­тің бірыңғай мемле­кет­тік ка­дастры” жаңа ақ­па­рат жүйесі­не көшуіне бай­ланысты жүргі­зілетін жұ­мыс­тарды барынша жыл­дам­дату мақсатында жаңа техникалық шешімдерді қа­рас­тырғанын хабарлайды. Осыған дейін 26 сәуір мен 9 мамыр ара­лығында жүргізіле­тін жұмыс­тарға байла­ныс­ты бұл қыз­мет­терді көр­сету уақытша тоқ­татыла­тыны туралы хабар­лан­ған болатын. Енді мер­зім өзгертілді.

– Азаматтарға қолайлы болуы үшін өтінімдерді қабылдау тек 5-9 ма­мыр аралығында ғана тоқтатыла­ды. 5-мамыр жұмыс, ал қалған күн­дер ме­рекелік демалыстарға сәйкес ке­ле­ді. Осылайша “Жыл­жы­майтын мү­лік тізілімі” дерекқорынан ЖМБМК-ға көшу жұмыстары ха­лыққа қолай­сыздық туғызбай жүргі­зіледі, – деді Мемлекеттік корпо­рацияның бас­қарма төрағасы Сү­йеніш Әбділдин.

Естеріңізге сала кетейік, жылжы­майтын мүлікке құқықтарды (ауырт­палықтарды) мемлекеттік тіркеу, міндетті тіркеуге жатпайтын жылжы­малы мүлікті тіркеу және жылжы­майтын мүлік нысандарын техни­калық тексеру, сондай-ақ тұрғылық­ты жері бойынша тіркеу саласын­дағы қызметтердің барлық түрлері уақытша көрсетілмейді. Одан бөлек, “eGov.kz” порталы арқылы жылжы­май­тын мүлікті ресімдеуге әрі техни­калық тексеруге құжаттарды он­лайн, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және Әділет министрлігінің атқа­рушы органдарының жүйелері бо­йынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Барлық басқа мем­ле­кеттік қызметтер қолжетімді.

Анар ҚҰСАНОВА,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp