«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұмытылмас әсер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қылмыстық-атқару жүйесі об­лыс­тық департаментінің Мамлют ау­даны бойынша пробация қызметі ерекше акция ұйымдастырды. Пробация қыз­метінің есебінде тұрған­дар балаларымен бірге Петропавлдың мәдени орындарын аралады. Экскур­сия ке­зінде олар “Абылай хан резиденциясы” музей-кешенінде, облыстық полиция департаментінің мұражайында, ботаникалық бақта болды.

– Қызылжардың көрікті орында­рын аралап, ұмытылмас әсер алдым. Есепте тұрғандардың көбінің мұндай жерлерге баруға мүмкіндігі жоқ. Музейлердегі жәдігерлер ерек­ше ұнады. Акцияны ұйымдастырған жандарға алғысымыз шексіз, – деді С. есімді сотталған.

Олар экскурсиядан кейін бірге тамақтанып, Мамлют аудандық Мәдениет үйінде шахматтан, дойбы­дан ұйымдастырылған турнирге қа­тысты. Есепте тұрғандардың сәбилеріне сыйлықтар берілді.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp