«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУЫЛҒА — АЙРЫҚША НАЗАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысы Айдарбек Сапаров Шал ақын ауданына жұмыс сапары барысында республикалық маңызы бар Петропавл – Жезқазған бағытындағы жолдың орташа жөндеу жайымен танысты.

Бұдан кейін Городецкий ауылдық округіне қарасты Мерген ауылындағы “Жастар” спорт залына барды. Ғимарат “Гермес Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаражатына тұрғызылып, спорт жабдықтарымен толық қамтамасыз етілген. Елді мекендегі көшелер асфальтталған. Баспана салу ісі қызу қарқын алыпты. Мергенде астық тазарту-кептіру кешені, қонақүй, шағын базар, наубайхана, асхана, тұшпара цехы жұмыс істейді. Алдағы уақытта медициналық пункт, 600 бас ірі қараға арналған сүт фермасы, құрамажем цехы, тәулігіне 40 тонна бидай үгетін диірмен бой көтермек.

Облыс әкімі жаңа астық кептіру кешені жанында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Жұмысшылар жалақы мен пай үлестері уақтылы төленетінін жеткізіп, ризашылықтарын білдірді. Су құбырын тартуға 970 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Жалтыр ауылына кіреберіс жолды жөндеуге 393 миллион теңге қарастырылған. Өңір басшысы елді мекендерді дамытуға қатысты жобаларды іске асырудың маңыздылығын, еңбек адамдарына тиісті көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Кездесу барысында аудандық ар­да­герлер кеңесінің мүшелері Сер­геевка қаласында орталық қазандық салу, автомобиль жолдарын жөндеу мәселелерін көтерді.

“Жобалық-сметалық құжаттар рә­сімделгеннен кейін қазандық құры­лысын жоспарлаймыз. Автомобиль жол­­дарын жөндеуге қаражат бөлу мә­селесі де оң шешілетін болады”, – деді Айдарбек Сейпілұлы.

Өңір басшысы Тимирязев ауданын­да­ғы Степное елді мекенінде болып, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңда­ды. Жолдардың нашар жағ­дайына, фельдшерлік-акушерлік пункт­тің жоқ­ты­ғына қатысты айтылған ша­ғымдар­ды тиісті басқармаларға бақы­лауға алу­ды тапсырды. “Атамекен-Агро” серік­тестігі көшелерге қиыршық тас төсейтін болды. Келесі жылы кө­шелердің бірі асфальтталады. Денсау­лық сақтау са­ласын жаңғыртудың Ұлттық жобасы шең­берінде 2024 жылы фельдшерлік-акушерлік пункт салынады.

Аудан орталығында құрылған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бірік­тіретін әлеуметтік даму орталығы абаттандыру және көгалдандыру ша­раларына белсене атсалысып келеді. Игі бастамаға “Фролов” жеке қожалығы бірінші болып үн қосқан.

Өңір басшысы “Есей Агро” серік­тестігінде агроқұрылым өкілдерімен кездесіп, көктемгі егіс науқанын ұйым­шылдықпен өткізу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Қайрат ОРАЗАЛИН,

Әсем ТАСМАҒАМБЕТОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp