«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.05.2023

Егілген ағаш – ертеңің

Облыс орталығында ағаш отыр­ғызу акциясы өтті. Оның аясында Жеңіс саябағына және Мағжан Жұмабаевтың ескерткішінің маңына 300 түп көшет егілді. Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльмира Сәдуақа­сованың айтуынша, 8 сәуірден бас­тап Петропавлда сенбіліктер өткізіліп келеді. Қаланың саябақтары, демалыс орындары мен орталық көшелері қоқыстан тазартылып жатыр. Осы аралықта шаһардан 2800 текше метр қоқыс шығарылған. Жалпы өңірдің әр …

Егілген ағаш – ертеңің Read More »

Жылдық инфляция төмендеді

Сәуірде тұтыну бағаларының индексі айлық мәнде 0,9 пайызды құ­рап, көрсеткіш наурыз айы деңгейінде сақталды. Индекс құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы – 1,3, азық-түлік тауарлары – 0,9, ақылы қызметтер 0,4 пайызға өсті. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар­дың ішінде сәуірде бағаның ең жоғары өсімі дизель отыны (16,1%) мен бен­зин­ге (9,7%) қатысты болды. Наурыз айымен салыстырғанда жуу және таза­лау құралдарының …

Жылдық инфляция төмендеді Read More »

БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің көп бөлігі өзімізде өндіріледі. Ет, сүт, ұн, май және тағы да басқа өнімдермен облыс тұрғындарын ғана емес, еліміздің өзге қалаларын да қамтамасыз етіп отырмыз. Сенбі күні сапасы жоғары, экологиялық таза өнімдерді делдалсыз, арзан бағаға өткізу мақсатында кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өндірушілерден тікелей жеткізілген өнім толық сатылды. Облыс орталығында жәрмеңке өткізу …

БЕРЕКЕЛІ ЖӘРМЕҢКЕ Read More »

Бірліктің алтын ұясы

Жүз отыздан астам этносты бауырына басқан Қазақстанды әлем жұртшылығы татулық пен тыныштықты ту еткен, бірлігі бекем, тірлігі шуақты мемлекет ретінде үлгі тұтады. Иә, біздің ата-бабаларымыз ынтымақ берік орнаған жерге ырыс пен несібе ұялайтынын әлімсақтан білген. Тағдырдың жазуымен түрлі этностарға пана болған қазақ жері бүгінде береке мен келісімнің алтын ұясына айналып отыр. Қазіргі буынға қой үстіне …

Бірліктің алтын ұясы Read More »

Туған жерін әнімен әлдилеген

Жарық күннің сәулесі жерге сіңіп, қыстың салқыны сезілмейтін сәуірдің соңғы кеші самалымен жан тербердей болса керекті. Сәуірдің сұлу кешінде серуендеген жанның жүрегі ару көктемнен әлдебір шапағат күткендей ерекше толқиды. Көкірек көзі ашық көпшіліктің көңілі мұндайда жүрек күйін бірге шертісетін ән іздейді. Қызылжарда ән іздеген жұрттың құлағының құрышын қандырып, қалауынан шығатын өрелі өнер иелері аз емес. …

Туған жерін әнімен әлдилеген Read More »

Дубай мойындаған дарындар

Ел намысын халықаралық байқау­ларда қорғап жүрген “Sensitive” би театры Қазақстанның қоржынын тағы бір жүлдемен толтықтырды. Өнер ұжымы Дубайда өткен “DANCE-FEST DUBAI” халықаралық фести­валь-байқауына қатысып, алты елден жиналған 200-ден астам өнерпаздың ішінен жылпы байқауда үздік деп таны­лып, бас бәйгені еншіледі. Би театры бұл байқауға “Искусство в дви­жении” халықаралық шығармашы­лық жобасының ұйымдастырушы­ла­ры­ның арнайы шақыртуымен бар­ған екен. Аталған …

Дубай мойындаған дарындар Read More »

Бір шаңырақ астында

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөс­пірімдер кітапханасында “Бір шаңырақ астында” атты фес­тиваль өтті. Шараға жас оқыр­мандар, №14 мектептің оқушылары мен өнер ұжымдары қа­тысты. Жиналғандарға 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің тарихы түсіндіріліп, этностар арасындағы достық тақырыбында сөз қозғалды. Шара барысында қо­нақтар назарына танымдық бағдар­лама ұсынылып, өнерлі өрендер ән салып, өлең оқыды. Балалар …

Бір шаңырақ астында Read More »

Айыппұл төлеуге асыққан ба?

Әкімшілік полиция қызмет­керлері шетелдік есептегі “Lada Priora” автокөлігімен жүрген азамат­тың өткен жылдың қараша айынан бастап жылдамдықты шекті белгіден асырмай тоқтау керектігін білдіретін сызықтан 68 рет өтіп кеткенін анықтады. Құқық бұзушыны “МЕГА­КАМ. ҚОРҒАУ” қосымшасын пайда­лана отырып, патрульдік поли­ция баталь­онының қызметкерлері тоқтатты. 35 жастағы шетелдікке қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келді. Бұл осындай …

Айыппұл төлеуге асыққан ба? Read More »

ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУҒА АСЫҚ!

Өңірлік коммуникациялар қызметінде “Мерзімі өткен берешекті реттеу механизмі. Жеке тұлғалардың банкрот­тығы” тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Қаржы нары­ғын реттеу және дамыту агенттігі Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Алма Дауренбекова мен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Гүлнар Қадырбекова борышкерлерге қандай көмек көрсеті­ле­тіндігі туралы айтып берді. Соңғы жылдары қаржы мәселе­сін шешу …

ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРУҒА АСЫҚ! Read More »

Ауаны ластауды азайтқан

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен бри­фингте Петропавл жылу-электр орталығының қоршаған орта­ға тигізіп отырған әсері туралы сөз болды. Аталмыш орталық өңіріміздегі ауаны ең көп ластайтын кәсіпорын­дардың бірі саналады. Зиянды заттардың 66 пайызы осы нысанға тиесілі. “Севказэнерго” акционерлік қоғамы қоршаған ортаны қорғау басқарма­сының бастығы Николай Максимов кәсіпорынның табиғатқа тигізер зиян­ды әсерін азайту мақсатында қабылданып жатқан шаралар ту­ралы баяндады. …

Ауаны ластауды азайтқан Read More »

Негізсіз тексермек болыпты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүс­тік Қазақстан облысы бойынша департаменті республикалық тәжірибені талдау аясында шағын және орта бизнес өкілдерін негізсіз тексеру фактісінің алдын алды. Облыс аудандарының және Пет­ропавл қаласының білім бөлімдері жекеменшік балабақшалармен жа­са­ған шарттарға тексеру іс-шараларын жүргізу құқығын бере­тін тармақты енгізген. Қазір облыста 18 жекеменшік мек­тепке дейінгі ұйым жұмыс істей­ді. Кәсіпкерлер мен білім бөлімдері …

Негізсіз тексермек болыпты Read More »