«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айыппұл төлеуге асыққан ба?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Әкімшілік полиция қызмет­керлері шетелдік есептегі “Lada Priora” автокөлігімен жүрген азамат­тың өткен жылдың қараша айынан бастап жылдамдықты шекті белгіден асырмай тоқтау керектігін білдіретін сызықтан 68 рет өтіп кеткенін анықтады. Құқық бұзушыны “МЕГА­КАМ. ҚОРҒАУ” қосымшасын пайда­лана отырып, патрульдік поли­ция баталь­онының қызметкерлері тоқтатты. 35 жастағы шетелдікке қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келді.

Бұл осындай жалғыз жағдай емес. Жа­қында Петропавл қаласының поли­цейлері бір айда жыл­дамдықты 32 рет асырған 22 жаста­ғы азаматты жауапқа тартты. Ал Айыр­тау ауданының 27 жастағы тұрғыны биыл 16 рет жол қозғалысы ереже­сін бұзған. Ол ресейлік есепте тұр­ған “ВАЗ” автокөлігін басқарған. Оларды “ақылды” бейнекамера­лар­дың көмегімен анықтау мүмкін болды. Облыста жол қозғалысы ере­желерін бұзушылықтарды автомат­ты түрде тіркеудің 35 бейне жүйесі жұмыс істейді.

Серік ӘЛЖАНОВ,

облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp