«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бір шаңырақ астында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөс­пірімдер кітапханасында “Бір шаңырақ астында” атты фес­тиваль өтті. Шараға жас оқыр­мандар, №14 мектептің оқушылары мен өнер ұжымдары қа­тысты.

Жиналғандарға 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің тарихы түсіндіріліп, этностар арасындағы достық тақырыбында сөз қозғалды. Шара барысында қо­нақтар назарына танымдық бағдар­лама ұсынылып, өнерлі өрендер ән салып, өлең оқыды. Балалар халқы­мыздың тарихы мен салт-дәстүріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі байқауларға қатысты, қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Сонымен қатар “Қуанамын” халықтық би студиясының шәкірттері би биледі. Фестиваль қорытындысы бойынша белсенді оқушыларға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

– Біз әр мереке сайын балалар­дың басын қосып, осындай таным­дық іс-шараларды өткізуді әдетке айналдырғанбыз. Мұндай шараларға әсіресе өзге тілде білім алып жүрген жастарды шақыруға тырысамыз. Осылайша оларды халқымыздың тілі мен мәдениетін танып-білуге бау­лимыз, – дейді кітапхананың бөлім басшысы Динара Қаратаева.

Дина МҰРАТ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp