Әкімшілік полиция қызметкерлері шетелдік есептегі “Lada Priora” автокөлігімен жүрген азаматтың өткен жылдың қараша айынан бастап жылдамдықты шекті белгіден асырмай тоқтау керектігін білдіретін сызықтан 68 рет өтіп кеткенін анықтады. Құқық бұзушыны “МЕГАКАМ. ҚОРҒАУ” қосымшасын пайдалана отырып, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты. 35 жастағы шетелдікке қысқартылған тәртіппен 700 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге тура келді.
Бұл осындай жалғыз жағдай емес. Жақында Петропавл қаласының полицейлері бір айда жылдамдықты 32 рет асырған 22 жастағы азаматты жауапқа тартты. Ал Айыртау ауданының 27 жастағы тұрғыны биыл 16 рет жол қозғалысы ережесін бұзған. Ол ресейлік есепте тұрған “ВАЗ” автокөлігін басқарған. Оларды “ақылды” бейнекамералардың көмегімен анықтау мүмкін болды. Облыста жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің 35 бейне жүйесі жұмыс істейді.
Серік ӘЛЖАНОВ,
облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі.