Қарағанды қаласында қазақ күресінен “Сарыарқа батырлары” деген атаумен республикалық турнир өтті. Оған қатысқан “Қызылжар арландары” клубының мүшелері жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді.
“Қызылжар арландары” клубының сапында облыс намысын 18 жерлесіміз қорғады. Жарыс 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 килограмм және 100 килограмнан жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтті.
60 килограмда өнер көрсеткен Мейіржан Берекетов, 100 килограм дәрежесінде белдескен Алтынбек Аусағитов жеңіс тұғырының ең биігіне көтерілді. Ал 66 килограмда Нұрғали Тұрсынғазиев пен 100 килограмда Қанат Өмірзақов қола жүлдені місе тұтты. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте “Қызылжар арландары” клубы күміс жүлдегер атанды.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.