«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Адасқан сәби

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аққайың ауданында тұратын егде жастағы ерлі-зайыпты Петропавлдан келген бес жасар немересін ертіп, көл жағасында серуендемек болған. Ойнап жүрген немерелерінің көзден ғайып болғанын ауыл тұрғындары кеш байқайды. Ал бала болса орман­ға кіріп, адасып кеткен. Біраз жүрген­нен кейін ол көлік қозғалысы көп “Пет­ропавл – Булаево” автожолына шық­қан. Сол кезде оны табиғатты қорғау полициясының қызмет­кері байқап қалады. Тәртіп сақшысы “Уылдырық шашу” акциясы аясында рейдтік іс-шараға шыққан екен.

Бала полицейге көл жағасынан кел­генін айтқан. Тәртіп сақшысы бүл­діршінді көлікке отырғызып, жақын маңдағы ормандар мен көлдерді ара­лайды. Көп ұзамай немерелерін шарқ ұрып іздеген ерлі-зайыптының “ВАЗ-2115” автокө­лігі көзге түскен. Немерелерін құша­ғына қысқан ата-әжесі полиция қызметкеріне алғыстарын жаудырды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp