«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көне тарих оқушылар көзімен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңіріміздегі “Ботай” мемле­кеттік тарихи-мәдени музей-қорығы “Өр­кениеттің көне ме­кені – Ботай қонысы” тақыры­бында республикалық эсселер байқауын ұйымдастырды. Әр өңірдің оқушылары шығарма­шылық қабілеттерін сынға салып, берілген тақырып бойынша эссе жазды.

Өскелең ұрпақтың ел мен жердің тарихын танып өскені абзал. Осыны мақ­сат тұтқан байқауға қатысуға ниет танытқан оқушылардың бел­сенділігі қуантты. Әлемге әйгілі Ботай қонысы жайлы жазған шығармашылық жұмыстары оқушы­лардың қабілет-қарымын ғана емес, білімі мен дүниетанымын да аңғар­тады.

Қазылар алқасы жолданған эс­селерді байқау талабына сәйкес елеп-екшеп, үздік жұмыстарды анықтады. Бас жүлде Айыртау ауданындағы Саумалкөл қазақ орта мектебінің 5-сынып оқушысы Айзере Абае­ва­ға бұйырды. Бірінші орынға Қы­зылорда қаласындағы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мектептің 9-сынып оқушысы Зарина Әлібек, Айыр­тау ауданы Лобаново орта мектебі­нің 10 “А” сыныбының оқушысы Ах­мет Төлебай жазған эссе лайық деп танылды. Көкшетау қаласындағы “Арна” колледжінің студенті Асыл­жан Байман және аталған шаһар­дағы №12 жалпы білім беретін мек­тептің 10-сынып оқушысы Дарья Репи­на екінші орын алды. Байқау жүл­дегерлерінің тізімін Абай облысы Аягөз қаласындағы №6 жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқу­шысы Аяулым Мейрамханқызы, Петропавл қаласындағы “Білім-инновация” лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Альтаир Құрмашев, Айыртау ауданындағы Аксеновка орта мектебінің 5-сынып оқушысы Анна Погребных жалғады.

Жүлдегерлер бағалы сыйлықтар­мен марапатталды.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp