«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сарбаз болуға асық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Отан алдындағы борышын өтеу – әр бозбаланың абы­ройлы міндеті. Еліміздің Қарулы Күштері қуатты болсын десек, қайсар, отаншыл жандардың әскер қатарында көп болғаны дұрыс. Елдің қорғанысы тек заманауи қару-жарақ, соңғы үлгідегі көліктер мен тың тактикаға ғана бай­ланысты емес. Әскердің айбынын асырып, қуатты ететін басты күш – жауынгерлік рух. Осыны білген бабаларымыз отансүйгіштік қасиетті баласына бесіктен сіңірген. Ел ертеңі саналатын өрендерді ұлтжандылыққа тәрбиелеуге “Amanat” партиясы жанындағы “Жастар рухы” жастар қанатының бастамасымен іске асып келе жатқан “Qaisar” жобасы өз үлесін қосуда.

Біздің өңірімізде жыл басынан бері іске асырылып келе жатқан жоба аясында бүгінге дейін көптеген кездесулер, іс-шаралар мен сайыс­тар өткізілді. “Qaisar” – өскелең ұрпақтың әскери қызметке деген қызығушылығын оятып, осы бағыт­та өздерін жетілдіруге жол ашатын жоба.

– Біз жастарды толғандырып жүрген мәселелерге назар аударып, оларды шешу үшін түрлі бағдар­ламалар мен жобаларға бастама­шы болудамыз. Отан алдындағы борышын өтеу жүрегі “елім” деп соққан әр бозбала­ның мақсаты болуы керек. Біз жас­тардың сана­сына ержүрек батыр­ларымыздың ерліктерін ұялатуды көздейміз. Осы мақсатта ауқымды әскери-патриоттық ойындар ұйым­дастырылуда. Жобаға әскери оқу орындары мен мемлекеттік мекемелер қолдау көр­сетуде, – дейді “Жастар рухы” жас­тар қанатының төрағасы Нұр­жан Жет­пісбай.

Бұдан бөлек, жоба аясында жүр­гізілетін “Сарбаз болғым келеді” ак­циясының да берері мол. Акция аясында мектептердің 10-11 сынып оқу­шылары әскери бөлімдер мен Ұлттық ұлан академиясына барып, сондағы жұмыс барысымен, жауын­герлік техникамен таны­сады. Әс­кери бөлімде күні бойы жүрген ұл-қыздардың кейін осы саланы таңдап жататындары көп.

Жыл бойы өткізіліп келе жатқан “дөңгелек үстел” отырыстары мен диа­­лог алаңдары да рухты жастар­дың басын қосуда. Аталған шара­лар­­­ға әскери сала өкілдері, арда­гер­­лер, жастар ұйымдарының же­тек­ші­лері қатысып, ұл-қыздарды тол­ған­ды­рып жүрген сұрақтар төңіре­гінде әң­гіме өрбітеді. Ауған соғысы арда­герлерінің Солтүстік Қазақстан об­лы­сы бойынша одағының өкілі Саян Бек­мурзин мұндай кездесу­лерге жиі ке­­ліп, өз білгенімен бөлісіп отырады.

– Әскери қызмет ер-азаматтар үшін ең абыройлы қызмет болуы керек. Бүгінгі қазақ жастарының алдында тұрған басты мақсат – осы. “Qaisar” жобасы аясында ұйымдас­ты­рылған шараларға жиі қатысып тұрамын. Бозбалаларға әскери ма­мандықтың қиындығы мен артық­шылықтары ту­ралы айтып жүрмін, – дейді ардагер.

Жоба аясында ұйымдастырыл­ған әскери-патриоттық ойындар ел бойынша 3 мың оқушыны қамтыған. Онда ұл-қыздар тек дене дайын­дығын ғана емес тапқырлығын да сынға салады.

Айшагүл ӘШІМОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp