«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Сарыарқа батырлары”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қарағанды қаласында қа­зақ кү­ресінен “Сарыарқа ба­тырла­ры” деген атаумен рес­публика­лық тур­нир өтті. Оған қатыс­­қан “Қызылжар ар­ландары” клу­бы­ның мүшелері жал­пыкомандалық есепте екінші орынды ие­ленді.

“Қызылжар арландары” клубы­ның сапында облыс намысын 18 жер­лесіміз қорғады. Жарыс 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 килограмм және 100 кило­грамнан жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтті.

60 килограмда өнер көрсеткен Мейір­жан Берекетов, 100 кило­грам дәрежесінде белдескен Ал­тынбек Ау­сағитов жеңіс тұғырының ең биігіне кө­терілді. Ал 66 килограмда Нұрғали Тұрсынғазиев пен 100 ки­лограмда Қанат Өмірзақов қола жүлдені місе тұтты. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте “Қызылжар арландары” клубы күміс жүлдегер атанды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp