«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа үлгідегі бейнетіркегіштер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Цифрлық полицей” жобасы аясында по­лиция қызметкерлері жаңа үлгідегі бейнетіркегіштермен жарақтандырылуда. Бүгінгі таңда облысы­мыздың тәртіп сақшыларында “Samsung” маркалы осындай 260 құрылғы бар. Олардың ескі жүйелерге қарағанда жадының көбірек болуы, тез қуатталуы сияқты бірқатар артықшылықтары бар. Пат­рульдік полиция батальондары мен Петропавл қалалық полиция басқар­масының қызметкерлері жаңа бейне­тіркегіштермен 100 пайыз қамтылған. Жазба кезекшіліктің бар­лық уақытында жүргізіледі, үздіксіз жұмыс істеуі үшін “Power bank” қуаттау құрылғылары пайдаланылады.

Кезекшіліктегі қызметкердің “бей­нежетонына” кез келген минутта жедел басқару орталығы мен бөлімше басшылары, тіпті облыстық полиция департаментінің бастығы қосыла алады. Сондай-ақ патрульдік полиция қызметінің автокөліктері барлық бағытта жазба жүргізетін бейнекешендермен жабдықталған, ал микрофоны бар камералар пат­рульдік автомобиль салонында болып жатқан оқиғаларды тіркейді.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp